Статистика блога
195
Записей
3275
Обращений
143428
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жилищно-коммунальное хозяйство и градостроительство

Вопрос #7544 от 5/07/2018

Ассаляму алейкум!  Құрметті Эльдар Қонысбай ұлы! Арқалық қаласы көшелерінің жолдары жөндеуден өткені бәрімізді қуантты. Сізден сұрар өтінішім, қалаға кіріп тұрған Сельстрой поселкесі Советская көшесінің жолдарын да ескерсеңіз. Себебі жаңбырлы күндері көшеміз лайланып жүруге қиындық туғызады. Көшемізде оқушы     балалар қызметтік азаматтар бар. Өтінішім ізді жауапсыз қалдырмайтыныңызға сенемін.

Имя: Нұғыманов Арлан Бауыржанұлы
Ответ получен
Отвечает Эльдар Кузенбаев

Сәлеметсізбе, Арлан Бауыржанұлы!

Сіздің 2018 жылдың 05 шілдесінде қала әкімінің блогына келіп тускен өтінішіңізге хабарлаймыз.

2018 жылы Аркалық қаласының көшелерінің 81 617 шаршы метрін жөндеу жоспарланып, жоспар 100%-ға орындалды.

«Арқалық қаласы  әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2019-2020 жылдары Арқалық қаласының көшелерін жөндеу үшін қаражат бөлу туралы өтінім жіберді. Бюджеттік өтінім қанағаттандырылған жағдайда, сіздің өтінішіңіз бойынша Сельстрой поселкесіндегі Советская көшесі жөнделетін көшелер тізіміне енгізіледі.

Имя: Эльдар Кузенбаев 18/07/2018
Биография
Кузенбаев Эльдар Конысбайулы
Отправить письмом