Статистика блога
195
Записей
3379
Обращений
146603
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Антикризисные мероприятия

Вопрос #9129 от 9/10/2018

Құрметті Архимед Бегежанұлы!
Біз Қамысты аулының тұрғындары, №2 Қамысты орта мектебі оқушыларының  ата-аналары.  Бізде  қазіргі  уақытта  мынадай  мәселе  туып тұр. Біздің балаларымыз мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Педагогикалық ұжым мен мектеп әкімшілігі өте жақсы. Аудан бойынша абыройы да жақсы. Қазір  осы мектепке біздің ауданындағы Бестау ауылындағы әкім қызметін атқарған   Әбдин Өмірбайды  аудан әкімшілігі  мектеп директорына ұсынып жатыр. Біз қарсымыз. Өйткені ол 16 жыл мектепте жұмыс жасаған емес, қазіргі таңда білім саласында қаншама өзгерістер болып жатыр, біз өзіміз сол жаңашылдыққа үлгіре алмаймыз және бірінші тоқсан аяқатып қалды. Сіздің сайтыңызға ол туралы  мәлімет түскен. Бестау ауылы мен аудан көлемінде оның абыройы өте төмен, адамгершіліг жоқ.  Аудан әкімшілігі мен аудан білім бөлімінен біздің мектепке назар аз аударылады. Қарсы тұрған №1 Қамысты орта мектебінде орысша оқитын оқушылар саны 400-ден астам болса, біздің  «100 мектеп, 100 аурухана» бағадарламасы бойынша 300 орындыққа  салынған ғимаратта  100-ге жуық ғана бала оқиды.  Құрметті Архимед Бегежанұлы! Біздің мектеп директорымыз пенсияда болса да, ол өте тәжірибелі ұстаз. Енді біздің мектепке жаңадан директор қойса да, білім саласында қызмет етіп жатқан ұстазды қойсын. Бұл кісі не компьютерді білмейді, не адамгаршілігі жоқ. ҰБТ, ОЖСБ, НОБД, күнделік  бар, ол қалай жұмыс жасайды? Біз бір ауданда тұрамыз, халықпен араласамыз, сол кісі туралы жақсы сөз естіген жоқпыз, және оның жұмысына әйелі араласып тұрады. Біздің ауданымызда ең алыс Бестау ауылы, үкіметтің көлігімен ешқашан ауданға барарында  бір адамды жанына алмайды, зато үкімет көлігімен малын жинайған адам, сондықтан ол біздің балаларға қандай үлгі көрсете алады екен, а? Егер оған қызметкерек болса, жұмыс жеткілікті, мысалы тілдер дамыту орталығында директор жоқ, мәдениет бөлімі басшысының орны босап жатыр, аудан мәдениет үйінде директор жоқ.  Құрметті Архимед Бегежанұлы,  біздің мәселемізге назар аударыңызды сұраймыз. Біз өз ат-жөнімізді жазбаймыз, біз де қызмет жасаймыз, ертең бізге қуғын жасалады да біздің балаларымыз кінәлі болады.
                          №2 Қамысты орта мектебінің ата-аналары

Имя: №2 ҚОМ
Ответ получен
Отвечает Абдукаримов Еркебулан

Сұрақ Басқарма құзіретіне жатпайды, облыс әкімінің блогына жүгініңіз.

Биография
Абдукаримов Еркебулан Жумагалиевич
Отправить письмом