Статистика блога
195
Записей
4417
Обращений
175118
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Антикризисные мероприятия

Вопрос #12797 от 20/05/2019

Сәлеметсіз бе.Мен Оңтүстік Қазақстан Түркістан облысынан болам.серпін бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығымен көшіп жұмыс істеуге болама

Имя: Малькова Ксения
Ответ получен
Отвечает Кайрат Ахметов

Құрметті, Ксения! Сіздің сұрағыңыз қарастырылуда, жауабы қосымша берілетін болады.

Имя: Кайрат Ахметов 21/05/2019
Отвечает Кайрат Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 5.1.3-тармағына сәйкес жұмыс күші артық 5 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылады.

Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде ЖОО мен колледждердің түлектері оқуды аяқтағаннан кейін оқыған өңірінде кемінде үш жыл жұмыс істейді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталарына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері болып табылады.

Толық ақпаратты Қостанай қ., Әл-Фараби д., 43 мекенжайы бойынша «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, тел. 8-7142 52-20-44, «Электрондық еңбек биржасы» (www.enbek.kz) мемлекеттік интернет-ресурсынан, сондай-ақ 1411 нөміріне SMS-хабарлама жіберіп, бар бос орындар жөнінде ақпарат ала аласыз.                                                                                        

Имя: Кайрат Ахметов 28/05/2019
Биография
Ахметов Кайрат Жумашович
Отправить письмом